Сұмдық! Әйел терезеден құлап бара жатқан қызметшісін құтқарудың орнына оны видеоға түсірген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710002443632_small.jpeg

Кувейт полициясы өзінің үй қызметішісінің өлімін видеоға түсіріп алған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «Қамшы» порталы  The Guardian-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел Эфиопиялық үй қызметшісінің терезінің сыртында бір қолымен ұсталып тұрғанын түсірген. Видеода оның әйелге тіпті де көмектесетін ойының болмағанын, тіпті осы суицидке өзі итермелеуі мүмкін екенін анық байқауға болады. «О, ақымақ, қайтып кір» деп айтып ары қарай көмектеспей әйелдің құлағанын видеоға түсіре берген. Содан соң осы видеоны әлеуметтік желілерге салған.

Қуанышқа орай, үй қызметшісі аман қалған. Құлағынан, мұрнынан қан ағып, аяғы мен қолы сынған.

Осы оқиғаға байланысты суицидті тоқтатпағаны үшін, бейжай қарап көмектеспегені үшін әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалуда.

Қатысты Мақалалар