Қытай зерттеушілері Байқал көлінен Ланьчжоу қаласына дейін су құбырын жүргізбек, деп хабарлайды agonia-ru, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
Қалалық және ауылдық жоспарлау мен дизайнерлік институтының ғалымдары Байқал көлінен Қытайдың Ланьчжоу қаласына дейін су құбырын салуды ұсынды. Бұл жоба Ганьсу аймағындағы ауыз су мәселесін шешуге бағытталған.
Зерттеушілердің айтуынша, ауыз суының жетіспеушілігінен экономикалық даму үдерісі тоқтап қалады. Аталмыш жобаға қатысты, 1720 шақырымға созылған құбырдың салынуы Қытайдың солтүстік-батысыныдағы экологиялық жағдайды жақсартады.
Ресейлік ғалымдар бұл жобаға өз қарсылықтарын білдірді. Сарапшы мамандардың айтуынша, Байқал көлінен Қытайға су жүргізетін құбыр тым қымбат әрі экономикалық тұрғыдан өте тиімсіз болып табылады.
Байқал көлі Солтүстік Сібірде орналасқан және ол ең ірі табиғи су қоймасы болып отыр. Көлде бірнеше мыңдаған балықтар мен су жануарлары мекендейді.