Бала асырап алған жұпты күтпеген жаңалық күтіп тұрды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710002416788_small.jpg

Сара мен Энди Джастис ерлі-зайыпты. Олар шынайы махаббатпен бас қосты. Сара мен Эндидің сүйікті жұмысы, әдемі үйі болды. Алайда, отбасылық жұп ұзақ уақыт балалы бола алмады.

Талай емхананың табалдырығын тоздырды. Алайда дәрігерлер көмектесе алмады. Сара мен Энди экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегіне жүгінбек болды. Бірақ, ол үшін 60 мың доллар қажет еді. Ал жүкті болу мүмкіндігі тек 10% ғана құрады.

Ойлана келе Сара мен Энди бала асырап алуды ұйғарады. Жүкті әйелді кезіктіріп, ол сәбиін балалар үйіне өткізгісі келетінін естігенде онымен келісім-шартқа отырады.

Алғашқы ультра дыбысты тексеруден өткенде жүкті әйел үшемге жүкті екенін білді.  Бастапқы кезде ол келісім-шартты бұзады деп қорқып Сара мен Эндиден бұл жаңалықты жасырып жүрді. Алайда бұл хабарды естігенде Джастистер әулеті қуанышын жасырмады.

Мұнымен тосын сыйлар тізбегі бітпеді. Үшемге 8 ай толғанда, Сараның аяғы ауыр екендігін білді. Сонымен қатар, Сара егізге жүкті екені белгілі болды.

Қазір Сара мен Энди бес баланың ата-анасы. Олар мұны құдайдың берген сыйына балайды.

Қатысты Мақалалар