90 жастағы соғыс ардагері жынысын өзгерткен

/uploads/thumbnail/20170710002936590_small.jpg

Бірнеше жыл бұрын Лестершир тұрғыны Питер Дэвис Патриция есімін алды. Құжаттарын өзгертіп, гормонотерапияға бел буады деп хабарлайды Lenta.ru. Кішкентайынан  Питер басқа балаларға ұқсамайтынын сезетін. Алайда ол туралы айту өте қауіпті болды.

 

1945 жылы 18 жастағы Питерді армияға шақырады. Германия шегінгеннен кейін оны Алыс Шығысқа жіберді. Онда Жапониямен ұрыс жүріп жатқан. Одан кейін Үндістанға кетті. Келесі үш жылда ол Палестинада және Африканың шығысында британдық колонияда жұмыс істеді.

 

Әскерден кейін ер адам фотограф болып қызмет жасап, үйленеді. 63 жыл отасқан жарымен бақытты ғұмыр кешеді. 60 жасында ол әйеліне өз құпиясын ашады. Ол бұған түсіністікпен қарап, қол ұшын беруге тырысты. Өмірінің соңына дейін күйеуінің сырын ешкімге ашпады.

 

2015 жылы Дэвис Boy Meets Girl ситкомын көреді. Онда басты ролді трансгендер Ребекка Рут ойнайды. Бұл Питердің жынысын ауыстыруға түрткі болды.

 

Ақпан айында 72 жастағы Пекин тұрғыны жынысын ауыстырып, төсін үлкейтен жағдайлар да болған екен.

 

 

Қатысты Мақалалар