Қытайдың Сиань қаласында хирургтар адамның қолында өсірілген құлақты ауыстырды деп хабарлайды qamshy.kz Синьхуаға сілтеме жасап.
Ақпаратқа сай, бір жыл бұрын тегі Цзи (Ji) деп жазылған ер адам жол апаты кезінде бір құлағын жоғалтып алады. Сиандағы Xi'an Jiaotong University-ті жанындағы аурухананың дәрігерлері құлақты білектің жанынан қайта қалпына келтіреді. Ол үшіне дәрігерлер қабырға шеміршегі мен 3D-принтерді пайдаланған.
8 сағатқа созылған операцияны Го Шучжун (Guo Shuzhong) есімді хирург жасады. Операцияның күрделілігіне қарамастан сәтті өтті. Ер адамның жағдайы қалыпты. Құлақ екі аптаның ішінде толық қанды қалпына келеді.
2015 жылдың қараша айында Нью-Йоркте әлемде бұрын-соңды болмаған бет терісін ауыстыру операциясы өтті. 2001 жылы өрттен зардап шеккен адамның мұрын, құлақ, ерін мен қабағын ауыстырып берген.