Балабақша тәрбиешісі ойнасымен жыныстық қатынасқа түсуіне кедергі келтірген баласын төртінші қабаттан лақтырып жіберді деп хабарлайды bulak.kg. Оқиға Татарстан елінде 2-ші сәуірде болған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 28 жастағы әйел алкагольді ішімдікке сылқыя тойып, жігітімен жеке қалғысы келген. Алайда баланың тоқтаусыз жылағаны жұптың ызасын келтірген.
Ашуға мінген әйел 4 жастағы баласын терезеден лақтырып жіберген. Салдарынан бала ауыр жарақаттар алды. РФ тергеу комитеті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады.