БИЛІК УАҚЫТША ТІРКЕУГЕ ТҰРҒЫЗЫП, ХАЛЫҚТАН ҚАНША АҚША ЖИНАП АЛДЫ?

/uploads/thumbnail/20170710003518079_small.jpg

2017 жылдың 7 қаңтарынан 29 наурызына дейін 690 917 қазақстандық уақытша тіркеуге тұрған, - делінген ІІМ-нің баспасөз қызметінің kaz.tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында. Соның ішінде Астанада 135 685, ал Алматыда 168 222 адам. 

Qamshy.kz тілшісі уақытша тіркеуге тұрғандардың қаншалықты мемлекеттік баж төлегенін есептеп көрді. Уақытша тіркелушіге мемлекет 227 теңге салық төлеуді міндеттеген. Бол соманы уақытша тіркелушілер санына көбейтсек, 156838159 яғни, 157 миллион теңгедей ақша жиналған.

ІІМ мәліметі бойынша, 2016 жылы Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша 1 020 298 адам тіркелген. Ең көп тіркелген адамдар - Алматыда - 128 124, ОҚО-да - 126 798 және Астанада - 115 215. Сонымен қатар, жыл басынан Қазақстанда қанша шетелдіктің тіркелгені белгілі болды. Республика бойынша жалпы 235 442 шетелдік тіркеуге тұрған. Ең көп тіркелгені - Алматыда - 61 330 адам , ОҚО-да - 42 965 адам және Алматы облысында - 25 193 шетелдік.

Сондай-ақ, Уақытша тіркелу туралы заңды бұзатындарға да айыппұл қарастырылған еді. Уақытша тұрып жатқан жерінде бір айдан аса уақыт тіркеусіз тұрғаны үшін 7 АЕК, яғни 16 мың теңге айыппұл салынатын. Екінші тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29 500 теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, жыл басынан Қазақстанда қанша шетелдіктің тіркелгені белгілі болды. Республика бойынша жалпы 235 442 шетелдік тіркеуге тұрған. Ең көп тіркелгені - Алматыда - 61 330 адам , ОҚО-да - 42 965 адам және Алматы облысында - 25 193 шетелдік.

200 мың шетелдік ықтияр хат алса, 1 725 890 шетелдік Қазақстанға уақытша келген.

Еске салсақ, Уақытша тіркеу кезінде тіркеу орталықтарында адамның көптігінен 2 адам қайтыс болған еді.

Қатысты Мақалалар