Адамдар сыртқы келбетіне немесе өміріне көңілі тола бермейді. Бәлкім бұл адамның қолда барын бағалай алмағандығынан болар. Физикалық және психикалық саулық құдайдың берген үлкен сыйы екендігін көбіне байқай бермейміз. Бүгін біз 17 жастағы американдық Кэссиди Хупердің оқиғасын назарларыңызға ұсынамыз. Ол көзсіз және мұрынсыз дүниеге келген.
Кэссиди зағип жандарға арналған мектепте оқиды. Ол мектептің хорында ән салады, спортпен шұғылданады. Оның өмірге деген көзқарасы көпшілікті таң қалдырады. Кэссиди көре алмаса да, иісті сезе алмаса да өмірге деген құлшынысы артпаса, кемімеді.
Өткен жылы Кэссидиге мұрын салу операциясы жасалды. Дәрігерлер толық қанды мұрынның функциясын атқаратын мұрынды жасап беретініне кепілдік бермеді. Десек те, мұндай операция Кэссидиді комплекстерден арылып, адамға тән бет әлпеттің болуына жағдай жасады.

Кэссиди өмірден күдер үзген жандарға үлгі бола алады. Ол физикалық ауытқушылықтар барына қарамастан, болашағаны зор сеніммен қарайды.