3 сәуірде Санкт-Петербург метросындағы «Сенная алаңы» және «Технологиялық институт» аялдамаларында болған жарылыстың эпицентірінде 22 жастағы қазақстандық Максим Аришев есімді азамат болуы мүмкін, деп хабарлайды петербургтік «Фонтанка» басылымы.
Оның денесі жарылған вагонның ішінен табылған. Басылым 3 сәуірде кешкі уақытта метродағы жарылыстан кейін үш адамның мәйіті кімге тиесілі екенін жариялаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Аришев жанкешті лаңкес болуы мүмкін деген болжамдар бар.
Алайда, Максимның достары мен жақындары бұл ақпаратқа сенбейді, олай болуы мүмкін емес деп отыр.
"Петербургте бірнеше жыл тұрып келеді. Күнде өзінің үйреншікті жолымен жүреді. Жанында ылғи құжаттары болады. Оның радикалды ағымдармен де байланысы болуы мүмкін емес" дейді жақындары.
Оның университетте бірге оқитын досы да сұхбат берді. Досы Юрий Романовтың айтуынша, бұ жағдайға университет мұғалімдері кінәлі. Себебі, сол күні Максим төртінші пәнге қатыспай, үйіне қайтып бара жатқан екен. "Егер мұғалімдер әр студенттің келіп-келмей жүргендерін бақылап тұратын болса, бұндай жағдай орын алмас еді" дедйі досы.
Оның үстіне, курстастарының айтуынша, Максим қарапайым, көпшіл жігіт болған көрінеді. Жарылысқа қатысы болуы мүмкін деген қауесетке ешкім сенбес те еді. БАҚ өкілдері камерадан көрген жарылысты ұйымдастырған адам Максим Аришев деп отырған жігіттің досына ұқсамайтынын да айтып қалды Романов.
Тағы екі адам - 71 жастағы Юрия Налимов және 18 жастағы Ксения Милюкова. Санкт-Петербургте жарылыс ұйымдастырған болжамды лаңкестің суреті жарияланды. 3 сәуірде бейнебақылау камералары түсіріп алған кадр жарияланды, - деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы.
Куәгерлердің айтуынша, бұл пойыздың ішінде сөмкесін тастап кеткен ер адам. Телеарна мәліметінше, ер адам пойыздан шығып, сыртқы қабатқа өтіп емін-еркін метродан кетіп қалған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз.
Метро маңында орналасқан бақылау камерасы жарылыстан кейін болжамды лаңкесті түсіріп алған. Видеоның үзінділерінен оның метродан қолында ұстап жүрген сөмкесіз шыққанын көруге болады. Сонымен қатар, ол телефонға қарап тұр. Өзіне қажетті мәліметті білгеннен кейін ол кетіп қалады. Ер адамды алаңда басқа бір бақылау камерасы түсіріп алған. Онда жарылысқа кінәлі күдікті көшеде бірнеше уақыт бойы тұрған. Алайда телеарнаның мәліметінше оның фамилиясы Джалялов (Аришев - кейбір БАҚ мәліметінше), ол Орталық Азиядағы республикалардың бірінің азаматы. Олардың мәліметінше, ер адам соңғы уақытта Санкт-Петербургте тұрған және биыл ақпанда өз елінде болып келген. Кейінірек ресейлік БАҚ теракт ұйымдастырған Қырғызстанның 22 жастағы Акбаржон Джалилов екенін хабарлады. Соған қарамастан РИА Новости лаңкестің Орталық Азиядан шыққаны туралы айтуға негіз жоқ екенін жазады. Әзірге күдіктінің жарылысты ұйымдастырғаны немесе жарылыстың эпицентрінде кездейсоқ болғаны белгісіз. Сонымен қатар, бейнебақылау камералары қара түсті киімдегі ер адамның суреттерін жариялаған, оның жарылысты ұйымдастыруға қатысы бар болуы мүмкін делінген. Алайда ол өзі полицияға келіп, жарылысқа еш қатысы жоғын айтқан.
Еске сала кетейік, 3 сәуірде кешкі уақытта Санкт-Петербург метросында жарылыс болды. Деректерге сәйкес, метро вагондарының бірі жарылып, 10 адам қаза тапқан. Ал бүгін 11 адамға артқанын хабарлайды. Бірінші жарылыс «Сенная алаңында» болған, ал екіншісі «Технологиялық Университеттің» жанында орын алды. Сенная алаңы қаланың орталығы болып табылады. Айта кетер болсақ, Петербург метролары өте тереңде орналасқан.