Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтып, хат жолдады, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына ортақпыз», - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.