«Ресей Санкт-Петербургте болған жарылысқа Украинаны айыптауы мүмкін»

/uploads/thumbnail/20170710003718130_small.jpg

Санкт-Петербург қаласында метро вагонында жойқын жарылыс болды. Он адам қаза, елу дей адам жарақат алған. Барлық қаза болғандарға және зардап шеккендерге көңіл айтамыз. Бұл жарылыс себебі криминалдық, тұрмыстық не террористік себебтен болу мүмкін. Террористік себебтен болса - жарылыс жасаушылар Солтүстік Кавказдан, Шешенстаннан, немесе Сирия-Ирак-Түркия- Таяу Шығыстан болу ықтимал. Әрине Даиш-Айсис бұл террористік акт деп акторлықты  өз мойнына ала қалады, бірақ террорлық акт жасаушылар олар болмауы мүмкін. Шешенстандағы әскери әрекет алдында Ресейде бірнеше үйлер және қоғамдық орындарда жарылыстар болған. Сөйтіп Ресей-Шешен арасында ауқымды соғыс басталған. Осы жолы кінәлілер Украиндық ұлтшылдар, не Украинаның  арнайы қызметтері деген версияда шыға келуін жоққа шығармаған жөн, оларды айыптау ықтимал. Кейбір эксперттер бұл оқиғаларды Путиннің өзінің әрекетері дейтіндер де табылады. Сонымен бұл жарылыстар келесі әскери операцияға сылтау болуы әбден мүмкін. Осы жолы да Ресей көршілерін біреуін айыптап милитаристік айбын көрсетіп, күмәнді мемлекетті бомбылап өш алар. Енді Ресейде террористік истерия басталады: дальнебойщиктердің (ауыр жүк машиналар иелері ) ереуілі,  жастардың наразылық көше шеруіне рұқсат берілмес, Навальныйдың Медведев пен Путинді коррупциянерсіңдер деп  айыптауы, -бәрі назардан тыс қалады. Сонымен бұл оқиға Ресейде  көтеріліп келе жатқан халық наразылын басуға мұрсат береді. Террористер Ресейге шабуыл жасады , елімізге қауыіп төнді деп үлкен агрессивтік - насихат шаралар басталады. Ресейдің бірақ біріктіруші персонасы бар-ол Путин. Енді олар сын сағатта ел бірлігіне шақырады.

Әзімбай Ғали

Қатысты Мақалалар