Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) тез арада екінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты деп хабарлайды «Қамшы» порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың бірінші кездесу 19 наурыз күні, Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, төрешілердің шешімі бойынша Головкин ұпай айырмасымен жеңген болатын. Бірақ жекпе-жектен кейін Джейкобс өзінің жеңісіне сенімді болғанын айтты. "Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ мен шамалы күту керек екенін білемін. Өйткені, алдағы уақытта Головкиннің жоспарлары бар. Ал менің жанкүйерлер маған қарсылас ретінде кімді көргісі келетін?", - деп жазба қалдырды боксшы өзінің твиттер парақшасында. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс командалары арасындағы жасалған келісімшартта екінші жекпе-жек деген мәселе қарастырылмаған. Дегенмен жекпе-жектен кейін Головкинмен америкалық боксшымен екінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан еді. Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.