АҚШ-та 13 жасар баланы зорлаған мұғалім ұсталды

/uploads/thumbnail/20170710003803285_small.jpeg

АҚШ-та 13 жасар баланы зорлағаны үшін мектеп мұғалімі айыпталуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы Mirror-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 37 жасар Аманда Швайтцер  алтыншы сынып оқушысын Миссури штатындағы үйіне алып келген. Содан кейін киімін шешіп, баланы шешіндіріп онымен жыныстық қатынасқа түскен.

Одан бөлек, мектеп мұғалімі өзінің жалаңаш түскен суреттерін тағы бір-екі балаға жібергені анықталған.

Швайтцер екі баланың анасы, бір жарым жыл бұрын тұрмыс құрған әйел болып шыққан. Мектепте жеті жыл сабақ берген.

Швайтцер зорлау фактісі бойынша айыпталып жатыр, мектеп әкімшілігі оны әкімшілік еңбек  демалысына жіберген. 

Қатысты Мақалалар