Депутат Парламент жалақысын Үкіметпен теңестіруді ұсынды

/uploads/thumbnail/20170708154131913_small.jpg

Сенат Депутаты Светлана Жалмағамбетова Парламент жалақысын үкіметпен теңестіруді ұсынған. Бұл туралы Tengrinews.kz жаңалықтары хабарлады.

«Үкіметке қарата ұсыныс айтқым келеді. Анық болғандай біздің елде биліктің үш бұтағы бар, заң шығарушы, соттар, атқарушы үкімет. Заңға сәйкес биліктің қай тармағы болмасын тең құқылы. Сәйкесінше, моральдық, материалдық, еңбекақы мөлшерлері де бірдей, тең болуы керек. Өкінішке орай, осы жылы мынадай жөнсіздік болды, "А" тобындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен Үкімет мүшелерінің жалақысы көтерілген кезде Парламент пен Жоғарғы сотта еш қандай өзгеріс болмады», - деп мәлімдеген Жалмағамбетова ханым Парламент палатасының пленарлық отырысында.

 «Өкінішке орай  бүгінгі таңда Жоғарғы сот аппараты Премьер-министр мен Парламенттің кеңсесінен де  аз жалақы алады. Мен сондықтан қазіргі сәттен бастап, алдағы уақытта билік тармақтарында материалдық қамдаудың біріңғай болуын, Жоғарғы соттың материалды қамтамасыз етілуі Премьер-министрдің кеңсесімен теңесуін, жалақылардың бірдей болуын талап етемін», - деп қорытындылаған өз сөзін депутат ханым.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар