Forbes журналы әлемдегі табысы ең көп жазушылардың тізімін жариялады, бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Рейтингте бірінші орында детектив жанрындағы романдар авторы америкалық Джеймс Паттерсон, ол соңғы 12 айдың ішінде 90 млн. доллар табыс тапқан.

Екінші орында, америкалық - Дэн Браун. Ол өткен жылы 28 млн. доллар тапқан. Оның соңғы «Инферно» атты кітабы АҚШ-та 1,4 млн. тиражбен таралыпты. Кейбір мәліметтерге қарағанда, осы роман желісінде кино да түсірілмек.

Төртінші орында болса махаббат тақырыбында жазатын Даниэлла Стилл, оның табысы 22 млн. доллар болса, үздік бестікке америка жазушысы Джанет Иванович кірген, оның табысы 20 млн. долларға бағаланған.

Қамшы-ақпарат