Әруақтарды көретін семейлік жігіт: Ақырзаман келіп қалды

/uploads/thumbnail/20170710004019522_small.png

Семейдің 24 жастағы тұрғыны ақырзаманның келгенін айтады. Жас көріпкел Арыстанбектің көзі қиянды көретін тәрізді. Жас жігіт хазіреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне сүйенгенімен, оның сөзіне ешкім сенбей отыр, деп хабарлайды nur.kz порталы.

Жас жігіт өз сөзіне мынандай дәлелдер келтіреді:

«Ақырзаман келіп қойды. Мысалы, өздерін Алланың елшісімін дейтіндер жүр ортамызда. Қоғамда зина жасаушылар да көп. Бізге білінбегенімен әйелдердің саны еркектерден әлде қайда артып барады. Әлемде зілзалалар болып жатыр. Өкінішке орай, жастарымыз адасып кетті. Нағыз исламның құдіретін сезіне алмай жүр. Біздің дініміз исламды жік-жікке бөлуді құптамайды. Мұсылман баласы мейірімділікті, кішпейілділікті жаны сүйеді. Біреуді адам өлтіруге үгіттемейді. Мұның барлығы ақырзаманның кіші белгілерінен де келтірілген. Енді, ойланып көріңіз, қиямет жетті ме, жетпеді ме?», - дейді Арыстанбек.

Оның айтуынша, парақорлардың көбеюі де ақырзаманның шарты екен. Сондай-ақ, адамдар арасында түрлі жайттар орын ала бастаған. Құранды әшекейлеудің салдарынан аруақтар тірілген көрінеді.

«Ол сізге көрінбейді. Мен түрлі дыбыстар естимін. Аруақтардың жер бетіне қайта шыққанын көремін. Қазір олар бізбен бірге өмір сүріп жатыр. Неге дейсіз ғой? Себебі, біз туыстық қатынастың не екенін ұмытып кеттік. Олар соған күңіренеді. Ақырзаманның келгенін сезіп жатыр. Төңіректе зәулім үйлер қаптап тұр. Әйелдер бастықтарының қойнында жатыр. Біреуге сеніп, ештеңе айта алмайтын заман болды. Бірімізді біріміз алдаймыз», - дейді Арыстанбек.

Сондай-ақ, ол қиямет күннің соңғы белгісі дажжалдың да жеткенін айтып отыр. Бүгінде, өзін халыққа құдаймын деп таныстыра бастаған. Адам баласын санасын улап, адастырып жүр екен.

«Оның жеңіске жетуіне сәл ғана қалды. Сол мезетте күн батқан жерінен қайта шығады», - дейді Арыстанбек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар