Конституциялық реформалардың және Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізгі қағидалары Сингапурдың бизнес топтарына ұсынылды

/uploads/thumbnail/20170710004031225_small.JPG

2017 жылғы 31 наурызда Қазақстанның Сингапурдығы Елшісі Үсен Сүлейменнің сингапурдың ірі компаниялардың өкілдері үшін билікті бөлу туралы конституциялық реформалар мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының негізгі қағидалары туралы брифинг ұйымдастырылды.

Іс-шара 2017 жылғы сәуір айына көзделген Алматы қаласының сауда-экономикалық әлеуетімен танысу және бизнес өкілдерімен ынтымақтастықты орнату мақсатында Сингапурдың Сауда және өндіріс жөніндегі мемлекеттік министрі Ко По Кун бастаған сингапурлық делегацияның, оның құрамындағы ірі бизнес өкілдерінің сапарына бағытталған. Сонымен қатар, аталған сапар барысында Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық-сингапурлық бизнес форумының ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Брифинг барысында Ү. Сүлеймен Елбасы Н. Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық кезеңі ішінде экономикасы мен саяси жүйесі мықты және берекелі әрі көп ұлтты қоғам ретінде қалыптасқанын және әлемнің 50 үздік елдер қатарына кіруге мүмкіндік бергенін жеткізді.

Елші Президент Н. Назарбаев ұсынған конституциялық реформалар мемлекеттің сауда-экономикалық әлеуетін нығайту жолында және елдің экономикалық дамуынының болашағы мен инвестициялық қызығушылығын арттыруға айтарлықтай серпін бере алатынын баса айтты.

Сонымен қатар, брифинг шеңберінде Ү. Сүлеймен сингапурлық бизнес топатарын Қазақстанның инфрақұрылымдық жобалардың, әсіресе, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру шеңберінде, оған қоса, өзара сауданы іске асыру мақсатында, Қазақстан стратегиялық рөл ойнайтын «Жібек жолы эконономикалық белдеу» жобасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Ляньюнган портындағы қазақстандық-қытайлық терминалының мүмкіндіктерін зерттеуге шақырды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар