ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛДАРЫНЫҢ БІРІ - ОДНОЙН БАҚЫТ

/uploads/thumbnail/20170710004127210_small.jpg

Однойн Бақыт 1953 жылы Ценгель Баян-өлке аймағында дүниеге келген. 2006 жылы Моңғолияның Еңбек сіңірген спортшысы атағын иеленген. Сонымен бірге Моңғолия Ұлттық олимпиядалық комитетінің  “Алтан Очир” мен “Олимпийн Алдар” ордендерімен марапатталған.

1981 жылы Наадамдағы бес бірдей жеңістен кейін «мемлекет сұңқары» атағын алды.

Наадам ұлттық мейрамында 512 ден  1024-балуанға дейін күреседі. Жұп болып күресіп, жеңілгендер жарыстан шығып отырады. Әр деңгейден өткен сайын арнайы марапатқа ие болады.

«начин»- «сұңқар» - бес тур бойынша жеңіске жетсе;

«харцага»- «қаршыға» - алты турдағы жеңіс үшін;

«заан»- «піл» - жеті турдағы жеңіс үшін;

«гардь»- «қасиетті құс» - сегіз  тур бойынша жеңіске жетсе;

«арслан»- «арыстан» - тоғыс тур бойынша;

«аварга»- «бәйтерек» он тур бойы жеңіске жету үшін беріледі;

 1024 балуан күресетін соңғы турда жеңіске жеткен адам осы мәртебеге ие болмақ.

Бүгінде О.Бақыт халықтың сүйікті қаһарманына айналып «Баагий» атанды.

О.Бақыт Ұлан-Батырдағы құрылыс колледжінде білім алған. Мектеп уақытында волейбол командасында ойнап, дзюдо бапкері оның негізігі рухани жаттықтырушысына айналған. Ол спорт мастері және оның лақап аты «Бурыл» болған. 

Жаттықтырушысы Бурыл Гансух оған волейболдан гөрі күреске баруды ұсынған. Бүгінде балуан өзінің тәлімгерінің сөздерін қуанышпен еске алады.

1978-ден 1986жылдар аралығында Бахыт Моңғолия Ұлттық Республикасы құрамасында күрескен. Сол жылдары Мәскеу Жазғы олимпиадасында  100 кг-нан жоғары салмақтағы жарысқа қатысқан. 1981 жылы Әлем кубогында еркін күрес бойынша  қола медалін жеңіп алды.

О.Бақыттың ұлы да балуан. Азиядағы моңғол күресі бойынша үш дүркін қола медалінің жеңімпазы.

О.Бақыт- көптеген балуандардың тәлімгері, ұстазы. Сонымен бірге, этникалық қазақтарға да баулушы.

Дәл осы Бахыттың арқасында Баян Өлке аймағының өзінің «бөхиин дэвжээ»-сі бар(балуандар клубы).

Бұл клубтың  басшысы сол аймақтың арыстаны Х.Айдос және бұл клуб мүшелері арасында сұңқар Б.Баатарцол, Х.Асен, Мамбет, Нямхүү және Тілеухан есімді арыстандар бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар