Аутизммен ауыратын Илья есімді баланың бір күні жайында орыстың bbc жаңалықтар қызметінің тілшісі жариялаған болатын. «Қамшы» ақапараттық агенттігі аутизмі бар балалар жайында, сондай-ақ Ильяның өмірі жайында ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Ильяның жасы 14-те. Ата-анасымен және інісімен Мәскеу облысындағы Пушкино қаласында тұрады. Аптасына 3 уақыт ол жергілікті мектеп-интернатына барады, аптасына 2 рет анасы Мәскеу қаласындағы «Турмалин» оңалту орталығына апарып тұрады.
Ол орталықта арнайы педагогтар Илья секілді психологиялық ауытқушылығы бар 4-5 жеткіншекпен 12 сағат бойы жұмыс істейді.
Ильяның күнделікті тіршілігі – тамақтану, ыдыс жуу, қыдыру. Ал «Турмалинде» дамыту тапсырмалары, түрлі ойындар, сондай-ақ басқа да адамдармен араласу сынды жұмыстар жүргізіледі. Аутистикалық бұзылуы бар балалар үшін ең қиыны – адамдармен және қоршаған ортамен тығыз әрекеттесу. Бұл мақсатты жүзеге асыру – «Турмалин» педагогтарының басты міндеті.
Илья тазалықты жақсы көреді. Айналасында заттардың шашылып жатқанынан бөлек, іс-қимылдарының да жинақы болғанын қалайды. Бұл – аутизмі бар адамдардың бәріне тән қасиет. Өмір сүру қалпының бұзылуы ондай адамдар үшін дүрбелең жағдайдың тууына себеп болады.
Болмашы дүниелердің өзі, мысалы, бөлмесіндегі есіктің ашық қалуы, қыдырған ауласындағы шашылып жатқан қоқыстар – осының бәрі Ильяның ашуына тиеді екен.
Илья ешкіммен араласпайды. Негізі, сөйлей алады, ненің не екенін жақсы біледі, түсінеді. Бірақ, оның сөйлегені – өзіне жаңғырық болып қайта естіледі. Сондықтан, өзгелермен араласпайды.
Тіпті, оларды Жерге түсірген жат планеталық десе де артық етпейді. Себебі, ондай адамдар айналада болып жатқан дүниелерден бейхабар.
Бір күнде басына көп ақпарат келіп түседі, алайда, олар ол ақпаратпен не істерлерін білмей дал болады. Ондай кезде адамдардан қорғану үшін тығылып не қашып кеткің келеді емес пе?
Алайда, олар байланысқа шыққысы келеді, тіпті, жабық байланыс болса да.
Аутизм – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болуы. Іштей сары уайымға салынуы, әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың толықтай үзілуі.
Басқа адамдар аутизмі барларды көрсе, бойларын ала қашады. Барынша жақындамауға тырысады. Керісінше, олармен араласып, өмірге қайтаруға тырысу керек секілді.
Пікір қалдыру