Қазақстандық Максим Арышев Санкт-Петербург метросында болған жойқын жарылыста көз жұмды. 20 жастағы Максим Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің 3 курсында оқыған.
Максим Арышевтің туыстары марқұмның денесін таныды. Бұл ретте Бас консулдық тарапынан Санкт-Петербург қаласының әкімшілігі, құқық қорғау органдары бірлесіп Максим Арышевтің туысқандарының жарылыс құрбанының денесін айғақтауға баруы ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Санкт-Петербург метросындағы жарылыс 3 сәуір күні «Сенная площадь» және «Технологиялық университет» станцияларының арасында жүріп бара жатқанда болған. Соңғы мәліметтерге сай, жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің БАҚ өкілдері қазақстандық сутдентті жанкешті лаңкес болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Пікір қалдыру