Екі жасынан бастап үздіксіз темекі шегетін баланың 7 жылдан кейінгі кейпі (ФОТО, ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710004221383_small.jpg

Осыдан 7 жыл бұрын индонезиялық екі жасар баланың темекі шеккен видеосы желіде кең таралып, жұрт арасында талқыға салынған болатын. Арди Ризал есімді бұл бала екі жасынан бастап күніне қырық тал темекі тартқан.

Оның отбасы Суматра аралында тұрады. Бір таңқаларлығы оның ата-анасы да, ауыл тұрғындары да кішкентай баланың темекі шеккеніне қарсы болмаған. Тіпті анасы баласының темекі тартпаса басы айналып, өз-өзін игере алмайтынын, сондай-ақ ашуға бой алдыратынын айтқан.

Индонезиядағы балалардың құқығын қорғау ұйымының өкілі Ардидің «өз айналасындағылардың құрбанына айналғанын» жеткізген. «Бұл қоғамда адамдар бұрыннан шылым шегеді. Олар мұны еш зияны жоқ әдетке балайды. Баланы мұндай тәуелділіктен арылту қажет» деген еді олар.

Жалпы шылым шегу Индонезияда ұлттық масштабқа ие мәселе. Бұл елде 80 млн бала 10 жасқа толғанға дейін темекі тартуды үйренеді. 2008 жылы 235 млн тұрғынға 165 млн темекі сатылған.

Ардидің оқиғасынан кейін ел үкіметі балалардың шылым шегуін тоқтату мақсатында түрлі кампаниялар ұйымдастыруды да қолға алды. Ал Ардидің өзі оңалту орталығына жатқызылды. Ересектерге арналған ем-дом екі жастағы балаға жарамайтындықтан дәрігерлер оның назарын басқа нәрсеге аударуды жөн көреді. Соңында Арди шылымнан бас тартып, шектен тыс көп тамақ ішетін болған. Әсіресе құрамында қанты көп тәтті тағасмдарға әуестенген. Сөйтіп алты жасында семіздік ауруына ұшырайды.

Ата-анасы енді диетологтарға жүгінуге мәжбүр болады. Екі жыл дегенде ол қолына не түссе соны жейтін әдетін доғарып, дұрыс тамақтануға үйренеді. Қазір ол қатарластарынан қалмай өсіп келеді.

Дереккөз: kulturologia.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар