20 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамның ДНҚ-сы кәріптастың ішінен табылды

/uploads/thumbnail/20170710004217445_small.jpg

  Американдық палеоэнтомолог  (қазба жәндіктерін зерттеуші) Джордж Пойнар Оригона университетінің жұмысшысы 20-30 миллион жылдық қан жасушаларын тапқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы  lenta.ru -ға сілтеме жасап хабарлайды. Қандағы эритроциттер адамдардың алғашқы ата-бабаларына тиесілі екенін айтып отыр. Бұл қан жасушалары жәндіктің, нақтырақ айтсақ кененің  ішінде сақталып қалған. Ал аталған кене кәріптастың ішінде болған.

Кәріптас Доминикандық Республикасында тау қыртыстарында табылған. Пойнар кәріптастың ішіндегі кенені көрген, кене екіге бөлініп одан қан тамшыларының ағып тұрғанын анық байқаған.

Зерттеулердің нәтижесінде кененің қан сорып жатқан жерде жұлынып алынғаны белігілі болды. Демек,  ағаш үстінде тұрған кене қарамайға бірден жабысып қалған.

Қатып қалған эритроциттермен бірге адамдар мен маймылдардың жасушаларын зақымдайтын  паразиттің іздері де табылды. Зерттеуші бұл қан ДНҚ-сы алғашқы адамдарға тиесілі екенін болжамдап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар