Жемқорлық қылмысына барғандар лауазымына қарамастан жазаланады

/uploads/thumbnail/20170708154141237_small.jpg

Жемқорлықты жұрт алдында жазғыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаттар болуы тиіс. Бұл туралы Астанада «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеген.

«Қызмет көрсету саласында әкімшілік кедергілер, субъективті факторлар барынша азайтылу үстінде. Яғни, қарапайым жұртшылық қажетті құжаттарға «жалғыз терезе» жүйесімен қысқа уақыттың ішінде қол жеткізуде. Анықтамалардың бірқатары «электронды үкімет» арқылы адами факторсыз берілуде. Сонымен қатар төлемдердің кейбірі электронды түрде атқарылуда. Мемлекеттік органдар тарапынан берілетін рұқсаттар саны қысқартылуда. Елбасының тапсырмасымен ол елу пайызға дейін азайтылатын болды», - деген Б.Байбек.

ҚазАқпараттың жазуынша, сонымен қатар Бауыржан Байбек сыбайлас жемқорлық қылмысына барғандар шені мен шекпеніне, лауазымына қарамастан жазаланып жатқандығын атап өткен.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың шілдесінде «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауына ұсынған болатын. Белгілі болғандай, бағдарлама жобасы 6 мыңнан астам алаңда талқыланып, оған 800 мыңнан астам қазақстандық қатысыпты. Барлығы 800-ден астам ұсыныстар мен толықтырулар түскен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бағдарлама биылғы күзде Саяси кеңестің отырысында қабылданбақ екен.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар