ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов қазақтың ұлттық сусындары - қымыз бен шұбат туралы заң қабылдауды ұсынды. "Қымыз бен шұбат біздің ұлтымыздың көнеден келе жатқан сусыны. Осы сусындарды әзірлеу үшін ғасырлар бойы жылқы мен түйені қалай баптау керектігі тәжірибе ретінде қалыптасты. Қымыз бен шұбат адам денсаулығына өте пайдалы. Оларды туберкулезді емдеу кезінде, бауыр, асқазан, жүрек ауырғанда, қан тамырлары ауруын емдеуде пайдаланады" деген Айтаханов депутаттық сауалын ҚР Премьер-министріне бағыттап.

Baq.kz-тің жазуынша дептутат, кеңестік кезеңде жылқы мен түйе шаруашылығына, қымыз бен шұбат өндіру ісіне дұрыс көңіл бөлінбегеніне тоқталған. Сенатор сондай-ақ, міндетті түрде өзіміздің ұлттық брендті жасау керектігін де қоса айтқан: "Біз бабадан қалған мұраға үн қосып, өзіміздің ұлттық брендті жасауымыз керек. Сондай-ақ, қымыз бен шұбат туралы заңды да қабылдау қажет. Аталған заңда біз сусындардың дайындалу жолын көрсетіп, барлық талаптарды енгізуіміз тиіс. Шаруаларды ынталандыру үшін мемлекеттен жеңілдіктер қарастырған жөн"
Қамшы-ақпарат