Apple модульді Mac Pro шығаруға уәде етті

/uploads/thumbnail/20170710005825100_small.jpg

Apple Mac Pro жұмыс станциясының мүлдем жаңа «толықтай қайта ойластырылған» моделін жобалап отыр.

Компанияның маркетинг бойынша аға вице-президенті  Фил Шиллердің журналистермен кездесуінде хабарлағанындай, компьютер өзін жеңіл жаңартатын модульдік жобалауға ие болады.

«Мактың» одан басқа «профессионалды» өнімдер буыны бұған дейін бас тартып келген жаңа сыртқы экранмен толығады. Шығарылым келесі жылға жоспарланған. «Жаңа Mac Pro жасау аясында — модульдік жүйе болып табылатын Pro дисплейі де жасалады, біз жұмыс процесіндеміз, бұларды биыл көре алмайсыздар»,  - деді Шиллер.

«Біз өзіміздің профессионалды қолданушыларымызға тамаша бірдеңе жасаймыз» деген Шилер журналистердің «Жаңа шығатын Mac Pro-да Microsoft-тің Surface Studio-сындағыдай сенсорлы экран бола ма?» деген сұрағына топ-менеджер болымсыз жауап берді.

Apple Mac Pro-ны 2013 жылы түпкілікті жаңалаған болатын. Компьютер қуатты аппаратты ұяшық пен қара цилиндр мұнараға ұқсас жаңа дизайнға ие болған. Осылайша жетілдірілген Mac Pro-ның көлемі бұрынғысынаy 1/8 есе кішірейген.  

Келесі жылы шығатын компьютердің конфигурациясына келсек, ол  Intel Xeon атты 6 ядролық процессорлы, AMD FirePro D500 атты 2  видеокарталы және16 ГБ оперативті жады бар болып, бағасы $2999 құрайтын болады. Ал, 8 ядролық чипті, екі D700 видеокарталысы болса  $3999 бағада сатылатын болады. Компания сондай-ақ, биылғы жылдың аяғына дейін компьютер-моноблок iMac-ті де жаңалауға уәде етті.

Қатысты Мақалалар