Артта қалған Азия елдерінде қыздардың 40-70% 18 жасқа дейін тұрмыс құрады. Ал 12 жасқа дейін 5-20% пайызы отбасылы болады деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі Bigpicture.ru-ға сілтеме жасап. Әдетте мұндай неке қызды сатуға негізделеді. Кәмелетке толмаған қызды өзінен 3-5 жас үлкен ер адамға сатады. Ол неке «келісім шартын» бұзуға құқығы жоқ. Егер қыз үлкендердің айтқанын тыңдамаған жағдайда оны өлтіруге дейін барады.
Батыстың көптеген елдеріндегі заң бойынша Африка мен Азияның кейбір елдерінде миллиондаған ер адам педофилия үшін көп жылға түрмеге отырушы еді.
Сауд Арабиясында 90 жастағы ер адам өзінің 15 жастағы әйелінің ата-анасын алғашқы неке түнінде жатын бөлмеге кіргізбегені үшін және қыздың қашып кеткені үшін сотқа берген. Қария қыз үшін берген 17,5 мың долларды немесе әйелін қайтаруын талап етіп отыр.
Time журналы 10 жасында некеге тұрып, ажырасып үлгерген Йемендік қыз туралы жазған. Ол Әлемдегі ең жас ажырасқан әйел болып саналады.
Кәмелетке толмаған қыздарды айуандықпен ұрып-соғу, мардымсыз қателікке бола өлтіру фактісі жиі кездеседі. Олар мұндай өмірге шыдамай өзіне жиі қол жұмсайды. Көбі өзін өртейді екен. Батыстық БАҚ Ауғанстандағы өзін өртеп, тірі қалған бірнеше қыздың фотосын жариялады.
Ауғанстан, 40 жастағы Фаиз Мохаммед пен 11 жастағы Гулам Хидердің тойы болар алдындағы сурет.
Ауғанстан. Маджаббин Мохаммед 13 жаста. Күйеуімен және оның бірінші әйелімен.
Йемен. Тахани есімді 6 жастағы қыз 25 жастағы Мажедке тұрмысқа шықты. Фотодағы екінші қыз 8 жасында тұрмысқа шықан.
Йемен. Жас қалыңдықтар заңды некеге тұрмақшы.
Йемен. 14 жастағы ана екінші қызын жуындырып жатыр. Тұңғышын 12 жасында босанды.
Үндістан. 5 жастағы қызды әкесі 14 жастағы жігітпен атастыру рәсіміне апара жатыр.
Үндістан. Той.
Үндістан, Ассам штаты. Хасина күйеуімен. Ол 13 жасында тұрмысқа шықты. Мына фотода оның жасы 14-те еді. Ол кезде ол жүктіліктің бесінші айында еді.
Үндістан, Бхалай. Жігіттің жасы 14-те, ал қалыңдықтың жасы 12-де.
Үндістан, Бхалай. Қалыңдық пен күйеу жігіттің жасы 7-де.
Йемен. 14 жастағы Дебриту күйеуінен қашып кеткен. Қазір ол Қызыл Крест орталығында.
Палестина. Кәмелетке толмаған қыздардың тойы.
Пікір қалдыру