Имам Абдуғаппар Смановтың «ихсан» сайтында «Өлікті үш күн сақтап, ас берген дұрыс емес» деген түсіндірме уағызы жарияланған болатын. Жақынымыз қайтыс болып, жанымыз жабырқап жатқанда ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін білмей, ақыл сұрап жатамыз. Сондайда адам қайтыс болған үйде үш күн бойы қазан қайнамауы қажет, жетісі, қырқы, жылы деп атап ас беру де шарт емес екендігін білгеніміз абзал. Өлікті үш күн бойы неге үйде сақтауға болмайтындығын имам түсінікті тілмен жақсы түсіндіріп берген.
Пікір қалдыру