Зои Лаштың жасы 6-да. Ол дүниеге келгенде дәрігерлер оны бір жылдан артық өмір сүрмейді деп ойлады. Зоидың ата-анасы қыздарының денсаулығын түзету үшін көп қиыншылықты өткерді. Барлығына туылғаннан пайда болған генетикалық ақау себеп.

Челси жүктіліктің бесінші айында ультра дыбысты тексеруден өткенде, дәрігерлер шарананың сан жілігі сынғанын айтқан. Сәби остеогенез ауруына шалдыққаны анықталды. Дәрігерлер шарана шалдыққан дерттің екінші деңгейі екенін айтты. Мұндай жағдайда перенатальді кезеңде сәбидің шетінеу деңейі өте жоғары.

Әйелге жасанды түсік жасатуды да ұсынған. Алайда, Зоидың ата-анасы мұндай ұсынысқа түбегейлі қарсы болды. Қазір олар дұрыс шешім қабылдағанына дән риза.

Кейінірек қызда екінші емес, аурудың үшінші деңгейі екені белгілі болды. Бұл да адамға қауіпті, алайда онымен өмір сүруге болады.


Зоида сүйектің құрылымы дұрыс болуын қадағалайтын коллаген жеткілікті деңгейде бөлінеді. Алайда сапасы төмен.

Зои сүйектері сынған күйінде туылған. Ал өміріндегі алғашқы 30 күнде аяғын және екі қолын сындырып үлгерген. Оң қолын екі мәрте сындырып алған.
Балақайдың тісі де қатты бекімеген. Бірнеше жыл бойы тамақтану мәселесі қиынға соқты. Құлақ сүйектерінің сынуға бейімділігінен ата-анасы оны қатты дыбыстардан қорғайды.
Қызды мүгедектер арбасынан көргендер, ақылында ақауы бар деп ойлайды. Шын мәнісінде, Зоидың ойлау қабілетінің құрдастарынан еш айырмашылығы жоқ.