Express.co.uk британдық сайты өз оқырмандарына Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) жекпе-жегіне болжам жасауды ұсынды деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасап.
Көпшілігі (65%) Сондерс жеңіске жетпейді деп есептейді. 29%-ы WBO чемпионы Головкинді ұрып жыға алады деп сенеді екен.
Дауыс беруде екі нұсқа бар. Бірі – «Алаң болмаңыз, «Канело» Головкинді бірінші болып ұрып жығады» (2%). Екіншісі, нақты айта алмаймын (4%).
Айта кетейік, Головкин мен Сондерс жекпе-жегі маусым айында Астанада өтеді деп күтілген. Алайда, Yahoo! Sports таратқан ақпаратқа сәйкес, әлем чемпионы Саул Альвареспен (48-1-1, 34 КО) жұдырықтасуға дайындалу үшін, бұл жекпе-жекке қатыспайды.
Пікір қалдыру