1916 жылдағы ұлт-азаттық көтерілістің қалай бастағанын бәрімізге анық. 25 маусым бұратана халықтарының жігіттерді қосалқы қара жұмыстарға жіберу жөнінде патшаның бұйрығы шықты. Басында жасы 19 бен 43 арасындағы, кейін 19 бен 31 арасындағы жігіттерді алатын болды. Кейде заңды бұзып жасы 16-ға келмеген бозбалаларды мен елуден асқан адамдарды алған – мысалы ақын Иса Байзақовтың әулетінде әкесін де, інісін де жұмыстарға жіберді. Қосалқы қара жұмыстар Латвияға жіберілген ақын Сәбит Дөнентаевтың, Петербургтың маңайына жіберілген жазушы Сапарғали Бегалинның басынан кешкен.
Соған наразы қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, тағы басқа Орта Азия халықтары көтерілісті бастаған. Ал көтерілістің соңы не болды, соңғы шайқасы қайда өтті?
Тәжікстанның Худжанд қаласында Кадим Джамалак бастаған топ әйел күйеулерімізді, балаларымызды бермейміз, асырайтын ерлерімізден айрылдық деп, басынан жаулық шешіп әскерлердің алдына тастап ереуілге шықса, Өзбекстанның кейбір қалаларында көтеріліске, діни соғысқа шақырып молда-қожалар үгіт-насихат жүргізген. Ташкент, Самарқан, Жизақ, Замин көтерілістен тыс қалмаған. Ферғана алқабындағы көтеріліс Шермұхаммат, Мадамин бастаған басмашылар қозғалысының бастауы еді.
Қазақ пен қырғызда көтеріліс барысында Өзбекстандағыдай діни үгіт-насихат аса жүргізілген жоқ. Көтерілісті молдалар емес, елден шыққан батырлар, елдің би-ақсақалдары бастаған. Болыстарға келсек, кейбір болыстар халықты жақтап көтерілісті өзі бастаса, енді біреулер бұйрықты, патша билігін, әскерін қолдап, өз балаларын-туысқандарын жібермей, заңды бұзып жұмыстарға елдің кәрі-жасын жіберген, парақорлықпен айналысқан.
“Бала өлгенше, шал өлсін” деп, Жәмеңке-Ұзақ бастаған Қарқара-Албан жұрты патша әскерлеріне қырын көрсетті. Оларға Тохнияз батур бастаған бір топ ұйғыр көтерілісшілер де жәрдемші болған.Жетісуда Әли, Бекболат, тағы басқалар Шамалған,Ұзынағаш, Қордай, Шу-Меркі, бүкіл Алматы-Тараз өңірін көтерген. Көтерілісті жырлаған Жамбыл еді, көтеріліске белсенді қатысқан Кенен еді. Көтерілісті еске салғанда, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосовтың есімдерін ұмытпауымыз қажет. Алатаудың ар жағында қырғыз да көтерілді. “Қырғыз-қазақ” бір туған десең, 1916 жылдың көтерілісті айт. Үржар, Ақсуат, Баянауыл, Қарағанды, Ырғыз...Бүкіл Қазақстан көтерілді десек те болады. Жалпыұлттық, жалпы Орта Азиялық көтерілістің қаһармандарының есімдерінің арасында Мүрсәлім, Айжарқын, Нұрлан, Бісмілләнің Нұрғалиы...Айжарқын мен 9 хан (Пірмағамбет, Түменбай, Мұқантай тағы басқалар) бастаған Қызылорда-Ақтөбенің Шөмекей елі 1916 жылдың Ырғыз көтерілісінде ғана емес, кейін кәмпеске-ашаршылық кезіндегі көтерілісінде ерлік көрсетті. Ал, өр Торғай – ерлік мекеніне келскек, Торғай көтерілісі – ерекше құбылыс. Жетісу мен Орта Азияда патша әскерлері көтерілісті 2-3 айдың ішінде басып тастаған. Жазалаушы отрядтар қанша халықты қырып тастап, Қытайға қаштырды. Қырғыз ағайындар бұл оқиғаны “чоң үркүн” деп, есінде сақтайды. Келесі жылы босқындардың жартысы еліне қайтса, жартысы Қытайда қалған, көбінің ұрпақтары әлі де сонда. Қайтқандарға жәрдем қолын ұзағандарының арасында Міржақып Дулатов пен Жұмағали Тілеулин. “Оян, қазақ” кітабінан түскен қаражатын босқындарға жіберген ақын Міржақып еді. Бекболат та, Ұзақ та, Жәмеңке де, көтерілістің қырғыз басшылары да өлім жазасына кесілді. Тоқаш Бокин ғана аман қалды. Ал Торғайдың көтерілісшілері жарты жылдан астам жазалаушы отрядтарға берілмеген. Көтерілісшілердің басшылары Әбдіғаппар, Оспан, Қасым еді, сардары – Аманкелді еді, мергені – Кейкі батыр еді. Әліби Жанкелдиннің атын да ұмытуға болмайды. Ерлерге батасын берген Қараман Досай қажы еді. Татыр көлі, Құмкешу, Күйік қопасы, Торғай қоршауы – көтерілістің даңқты парақтары, Қарақыпшақ Қобыланды мен Шақшақ Жәнібек тарханның ұрпақатарының қалдырған ізі. Сөйтіп, басқа Орта Азия мен Қазақстанның аймақтарында көтеріліс басылса, Торғайда Аманкелдінің сарбаздары қыс бойы шайқасқан. 1916 жылдың көтерілісінің соңғы шайқасы Доғал қопасы мен Үрпек қонысы арасында, қазіргі Қостанай облысы Аманкелді ауданы, Торғай елінде болған. Шайқас ақпан айының аяғында,
яғни 1917 жылы ақпанның 21 мен 24 арасында өткен. Доғал-Үрпек шайқасы Қазақстан мен Орта Азия елдерінің тарихындағы ерекше оқиға. Бұл шайқасымен “1916 жыл” деген құбылыс аяқталды. Ақпан төңкерісінен кейін көтеріліс басылды, көтерілісшілер ақталды, алынған жігіттер еліне қайтты.
Алдында Орта Азияны – Қазан төңкерісі, Алаш автономиясының және Түркістан (Қоқан) автономиясының жариялауы, азаматтық соғыс, басмашылық қозғалысы, кәмпеске-ашаршылық, кеңес үкіметіне қарсы көтерілістер сияқты құбылыстар күтті. Алайда, 1916 жылдағы көтеріліс Худжанд қаласында бастаса, Торғайдың Доғал-Үрпегінде аяқтаған екен.
Даирбек Асқар
Пікір қалдыру