Жеңіл маторлы ұшақ Португалиядағы супермаркетке құлаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Jornal de negocias-ке сілтеме жасап. Салдарынан 5 адам көз жұмды. Олардың арасында 3 француз және 1 Швейцария азаматы бар.
Апат дүйсенбі күні сағат 12.00-де Кашкайш қаласында болған. Ұшақ әуеде жарылған. Оның сынықтары супермаркет пен тұрақтағы көліктерге түскен. Ұшқыш, 3 жолаушы және жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Көлік жүргізушісі дүкенге арналған азық-түлікті түсіріп жатқан.
Ұшақтың не себепті жарылғаны белгісіз. Супермаркеттегі өрт әлі толық сөндірілмеді. Оқиға орнында 50 өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.