44 жастағы Америка азаматшасы ұйықтайтын киіммен ешқандай қарусыз, бір жапырақ қағаздың көмегімен бес бірдей банкті тонады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Юта штатының полициясы Солт-Лейк-Ситиде алты бірдей банкті тонамақ болған 44 жастағы Нанетт Луис Перкинсті тұтқындады.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ұры тіпті жасырынуға талпынбаған. Оның қанша ақша алып кеткендігі, олардың банктерге қайтарылғаны хабарланған жоқ. Перкинсті бақылау камераларының көмегімен тауып алған.
Барлық тонау ісіне ұры қару қолданбаған, бар болғаны бір жапырақ қағазды кассаға беріп, нәтижесінде ақша алып отырған. Банктердің бірінде кассир оған ақша бермеген. Ол болса еш қымсынусыз кері бұрылып, шығып кеткен.
Барлық істерге ол ұйықтайтын киіммен барған. Қара көзілдірік пен қара бетперде тағып алған.