Саусақтың ізі арқылы қылмыскердің айыбын анықтау осыдан 114 жыл бұрын ойлап табылған

/uploads/thumbnail/20170710025457481_small.jpg

Дәл осы күні  1902 жылдың 18 сәуірінде, яғни осыдан 114 жыл бұрын Данияда алғаш рет саусақтың ізі арқылы қылмыскерді анықтау (дактилоскопия) жүзеге асырылған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал қыркүйек айынан бастап Ұлыбританияда дәл осы саусақ ізі арқылы қылмыскердің айыбын анықтау дәлел ретінде қолданыла бастаған.

Бұл идея Уильям Гершель есімді ағылшындық азаматқа тиесілі. Ол алғаш рет адамның алақан терілерінің өзгеріске ұшарамайтын, қалыпты екенін айтып гипотеза жасаған. Үндістанда полиция қызметкері болып қызмет еткен ол осы салада біршама еңбек етіп, зерттеулер жүргізген.

Ал бүгінде саусақ ізі - аса ауыр емес қылмыстардан ауыр қылмыстарға дейін айыпкер немесе күдіктінің кінәсін анықтаудағы ең негізгі және маңызды дәлел ретінде қолданылып келеді. Себебі кез-келген  адамның саусақ іздері ешкімге ұқсамайтын уникалды болады. Осы жағынан тек адамның көз қабатының торы ғана бәскелес бола алады. 

Саусақ іздері арқылы адамның жеке-бас мәліметтері мен жалпы мәліметтерді арнайы база арқылы тексеруге болады. Сондықтан  тек саусақ ізі арқылы ғана адамның жеке-басына анықтауға жол ашылып отырғанына биыл 114 жыл. 

 

Қатысты Мақалалар