Қ.Қасымов: Астананы 3 күн ішінде су басуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710025631341_small.jpg

ҚР-ның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР Үкімет отырысында Астанадағы су қоймасынан қалдықтардың көбеюі есебінен, (атап айтқанда секундында 40- тан 1200  метр куб жылдамдықта) Ақмола облысының Аршалы ауданында бір елді мекен суға батқандығын жеткізді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Елорданы, тағы басқа елді-мекендерді су басып қалмау қаупі орын алмас үшін астаналық контррегулятор іске қосылды. Судың жалып кетпеуін сақтау мақсатында 132 млн. куб метр болатын су көлемі ұстап қалынды, негізгі шек-450 млн. куб метр. Егер астаналық су қоймасындағы тасталынды заттар көлемі тағы көбейсе, 3 күн ішінде контрреттеуішттің жұмысына зақым келіп, оның жарылып кету қаупі бар»-деді Қалмұханбет Қасымов.

Осыған орай тез арада  шұғыл  түрде Астанадан  келетін шектен тыс су шығынына қатысты қауіпсіздік мәселелерін қарастыру керек екендігін айтты.

«Осы мәселені бүгін, ертең Ауыл шаруашылық министрі мен Астана әкімімен талқылаймыз»-деп қорытындылады министр. 

Қатысты Мақалалар