Байлық. Даңқ. Сұлулық. Бұл ханымдарда бәрі бар

/uploads/thumbnail/20170710025807749_small.jpg

Қамшы АА назарларыңызға әлемдегі ең атақты әрі ең бай ханымдардың бестігін ұсынып отыр.

Серра Сабанчи

39 жастағы Серра Сабанчидің иелігінде $1,1 млн бар. Ол – Түркиядағы қаржылық конгломерат Sabanchi Holding компаниясының ең ірі акционерлерінің бірі. Түркиядағы бай адамдардың тізімінде 28 орында. Протсмут университетінде оқыған және Стамбул университетінің экономика факультетін тәмамдаған.

 

Чжоу Кунфей

45 жастағы Чжоу  Кунфейдің иелігінде $5,7 млрд бар. Ол өте кедей отбасында дүниеге келген. Бірақ өз күшімен аса ауқатты кәсіпкерге айналған. Ол негізін қалаған компания Apple, Samsung, Huawei компанияларына сенсорлық экран дайындайды. Ол – Қытайдағы ең бай әйел адам.

 

Анна Анисимова

Анна Aнисимованың иелігінде $2 млрд. Оны ел арасында ресейлік Пэрис Хилтон деп атайды. Оның әкесі металл өндірісі арқылы байыған ресейлік миллиардер. Әпкесін орыс мафиясы өлтіріп кеткеннен кейін, ол қауіпсіздік үшін Америкаға қоныс аударған. Біраз уақыт модельдік бизнеспен, актерлік шеберлікпен, жылжымайтын мүлік ісімен айналысып көрген. Қазір қандай жұмыс жасайтыны белгісіз. Оның жары танымал кинопродюссер Питер Шафер.

 

Иванка Трамп

Америка президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамптың  иелігінде $3 млрд бар. Ол Уортон бизнес мектебін үздік бітірген. 2016 жылғы сайлау кезінде өз әкесінің сайлауалды компаниясындағы кеңесшілерінің бірі болған. Және Trump компаниясының даму бөлімінің вице-президенті. Оның жары Джаред Кушнер - ірі бизнесмен және АҚШ президентінің бірінші кеңесшісі.

 

Ваниша Миттал Бхатия

35 жастағы Ваниша Миттал Бхатияның иелігінде $51 млрд бар. Оның әкесі Лакшми Миттал – мыс өндіру саласы бойынша әлемдегі ең ірі Арселор Миттал компаниясының басқарма төрағасы. Әкесінің мұрагерлік хатында өз өлімінен кейін қызы Ванишаға бірнеше миллиард доллармен қоса, компанияның 34% мұраға қалдыратынын жазған. Олардың отбасы – Үндістандағы ең бай әулет.

Қатысты Мақалалар