Зардап шеккен тұрғындарға шұғыл психологиялық көмек көрсету қажет

/uploads/thumbnail/20170710030135112_small.jpg

         16 сәуірде  Ақмола облысының Атбасар кентіне Апаттар медицинасы орталығының 3 шұғыл әрекет ету бригадасы жұмылдырылды. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарға шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында 2 психолог мамандары жөнелтілді деп хабарлайды Қамшы АА ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығына сілтеме жасап.

 

         Бір тәуліктік есеп бойынша барлығы 12 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, олардың қатарында емдеу мекемелеріне жеткізілгендер саны 2 адамды құрады. Жергілікті тұрғындар қан қысымының көтерілуі мен жүйке ауруларының қозуына шағымданады.

         Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек пен дер уақытта хабар беруі үшін «қауырт желі» телефоны құрылып, барлығы 53 қоңырау қабылданды.

         Апаттар медицинасы қызметкерлері Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағымен бірге 50 ауланы аралап шықты. Дәрігерлер көмекке жүгініп келген адамдарға қызмет көрсетуді жалғастыруда. Жоғары білікті мамандардан құрылған шұғыл медициналық бригадалар қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен қамтылған.

Қатысты Мақалалар