Астанада жас ақындар айтысы өтпек (кіру тегін)

/uploads/thumbnail/20170710030125799_small.jpg

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 21 сәуірінде сағат 14.00-де «Казмедиа орталғының» киноконцерт залында жас ақындар арасында «Жастар БОЛАШАҚТЫ ЖЫРЛАЙДЫ» айтысы өтеді.

Аталмыш айтысқа еліміздің барлық облыстарынан 30 ақын қатысуға өтініш білдірген. Арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, таңдаулы 16 ақын сахнада сөз сайыстырып, бақ сынайды.

Қазылар алқасының құрамында:

Сақ Қайрат Өмірбайұлы – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің, Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, Алаштанушы ғалым.

Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы – белгілі айтыскер ақын, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің, Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Тоқтамысова Сара – белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің, қазақ әдебиеті кафедрасының ұстазы және т.б.

Айтыстың жүлде қоры: І орын (бас жүлде) – 300 000 тг., ІІ орын – 200 000 тг., ІІІ орын – 150 000 тг., IV орын – 50 000 тг. және барлық қатысушыларға дипломдармен қатар ынталандыру сыйлығы табыс етіледі.

Айтыстың жүргізушісі, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Сарин.

Қатысушылар тізімі:

1. Саят Әбенов, Астана қаласы

2. Нүрия Ақбабақызы, Қостанай қаласы

3. Бек Шмат, Астана қаласы

4. Рай Дөңбай, Тараз қаласы

5. Сырым Әділбеков, Қызылорда қаласы

6. Айдана Сегізбаева, Семей қаласы

7. Аруна Керімбек, Тараз қаласы

8. Нұржан Өмірбаев, Семей қаласы

9. Тоба Өтепбаев,  Арқалық қаласы

10. Батырлан Сағынтаев, Арқалық қаласы

11. Манарбек Сатыбалдин, Семей қаласы

12. Рауан Қайдаров, Павлодар қаласы

13. Мұхмеджан Мансұров, Қызылорда қаласы

14. Сұлужан Таубалды, Астана қаласы

15. Ерлан Даулетұлы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы

16. Нұрлан Бектібаев, Семей қаласы

Қуанарлық жайт, айтысқа кіру тегін.

 

Қатысты Мақалалар