Байқоңырдан тағы бір «Союз» ғарышқа аттанады

/uploads/thumbnail/20170710031159707_small.jpg

Байқоңыр ғарыш айлағы кезекті «Союзды» ғарышқа жіберуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Қамшы АА Вести интернет басылымына сілтеме жасай отырып.

Бүгін Байқоңырға кезекті «Союз» ғарыш кемесі жеткізіледі. Экспедиция құрамында ресейлік Федор Юрчихин мен американдық Джек Фишер бар. Байқоңырда «Союздің» зымыран-тасығыш құралы орнатылып қойған.

Айта кетейік, Федор Юрчихин осымен бесінші рет ғарышқа аттанбақшы. Ал НАСА астронавты Джек Фишер үшін бұл бірінші экспедиция. Қазір қос ғарышкер соңғы дайындықтарды жүргізіп жатыр.

Сәрсенбі күні Ресейде ғарышкерлердің қатысуымен пресс-конференция өткізіледі. Бейсенбі күні олар Қазақстанға келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар