Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды

/uploads/thumbnail/20170710031243864_small.jpg

Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік еңбекақысын аударды, деп хабарлайды Қамшы АА ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударатын болды. Парламент Сенаты Бюросының Қаулысымен осындай шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Тасқыннан зардап шеккен Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қайырымдылық қорлары құрылды. Еріктілер киімдер мен азық-түлік жинауға көшкен. Атбасар ауданының тұрғындарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар