«Дебют» шығармашылық бірлестігі сценарийлер қабылдайтыны туралы жария етті

/uploads/thumbnail/20170710031325677_small.jpg

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметражды көркем фильмдердің сценарийлерін қарастыру үшін қабылдайтын болады. Қойылатын шарттар:

- Байқауға ҚР азаматтары ғана қатыса алады;

- Сценарий 5 пен 20 парақ аралығында қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған сценарий немесе әдеби шығармалар желісі бойынша (бір немесе бірнеше авторлар) болуы тиіс;

- Біліміңіз арнайы немесе кинематография саласына жақын болуы қажет, сондай-ақ сценарийші немесе режиссер ретінде жасаған  жобаңыз болғаны абзал.

Сценарийлер 2017 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.

«Дебют» ШӨБ қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілуіне кепілдік бермейді.

Телефондар: + 7 727 302 12 62, + 7 727 313 11 35

* Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар