Бір-бірін ессіз сүйген оқушылар 60 жылдан соң күтпеген бақытқа кенелді

/uploads/thumbnail/20170710031355615_small.jpg

«Ең алғашқы махаббат басталады мектептен» демекші мектеп қабырғасында жүрген шақтарда әрқайсымыз махаббат сезімдерін бастан кештік. Жай ғана махаббат емес, алғашқы махаббат, ұмытылмас махаббат, жүректе мәңгі орнайтын махаббат. Тіпті, басқа жанмен отау құрсаң да, алғашқы махаббатты ұмыту мүмкін болмас. Ал, мектеп қабырғасында жүрегіңнен орын алып үлгерген адаммен көңіл қосып, шаңырақ құрғандар әлемдегі ең бақытты жандар шығар, бәлкім. Менің де жазбақ болған кейіпкерлерім дәл сондай жандар. Тек ол екеуі мектеп бітіре сала емес, араға 60 жыл салып, бір-бірін іздеп тапқан, бір жастықта қартайып, көз жұмуға сол кездің өзінде бел байлаған жандар. Бақыттың ерте-кеші жоқ деген осы шығар.

Джим мен Джойс XX ғасырдың ортасында мектеп оқушылары еді. Бастауыш сыныптың өзінде қыз бен жігіт бір-бірінен айырылмастай болды. Ал, есейіп, мектеп бітіруге таяғанда бала көңілдері үлкен сезімге ұласты. Алайда, мектеп бітіре сала екеунінің жолдары екіге айырылды. Қоштасу кешінде бірге билеген билері ең соңғы болды деп олар ойламаған. Қандай жағдайда айырылысқаны бізге белгісіз.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауыша, Джим мен Джойс екі түрлі мемлекетте тұрды, жұмысқа орналасып, карьерараларын жасады. Отау құрып, екеуі екі түрлі әлемде бақытты күн кешті.

Бүгінде екі ғашықтың өмірлік серіктері көз жұмған. Тағдыр екеуін кездестіру үшін маңдайларына әдейі жазып қойғандай. Себебі, екеуін үлкен тосынсый күтіп тұр еді.

Күндердің бірінде мектеп кездерін еске түсірмек болған Джим альбомдарды ақтара бастайды. Әрине, суреттерден бала кездегі ғашығы Джойсты көреді. Жүрегі аласұрған ер адам Джойсты әлеуметтік желілерден іздей бастайды. Іздеуі сәтті аяқталып, бала ғашықтар әлеуметтік желіде жолығады. Ештеңе өзгермеген секілді, бәрі сол баяғыша, жүректегі сезім де, көңілдегі толқу да... Ересек ер мен әйел күн сайын бірнеше сағаттап телефонмен сөйлесуге көшеді, ақыры кезедсуге бел байлайды.

Мектеп бітіргендеріне 64 жыл өткен соң Джим мен Джойс бала күндеріндегі армандарын орындайды – 81 жастағы ғашықтар той жасайды. Жұбайлардың балалары мен немерелері ата-әжелерінің шешімін қуана қабылдап, қолдау көрсетті. Себебі, олар үшін атасы мен әжеснің бақытты күйде дүниеден өткені маңызды еді. 

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар