Франция: Референдум нәтижесі Түркияның бөлінетінін меңзейді

/uploads/thumbnail/20170710031452553_small.jpg

Конституцияға қатысты референдум нәтижесі жайлы алғашқы пікірлер айтыла бастады деп хабарлайды Қамшы АА www.haberdar.com-ға сілтеме жасай отырып.

Франция президенті  Франсуа Олландтың әкімшілігінен жасалған түсіндірмеде «Түркиядағы референдум нәтижелері түрік қоғамының жоспарланған реформалар мәселесінде бөлінгенін байқатты» делінді. Сонымен қатар, мәлімдемеде президент Тайып Ердоғанның соңғы уақытта жиі тілге тиек ете бастаған «өлім жазасын енгізуге референдум өткізу» мәселесіне де тоқталды.  Олланд бұндай референдумнан кейін Түркияның Еуропалық Кеңестің мүшесі ретінде қабылдаған құндылықтар мен міндеттемелерден алыстайтынын айтқан.   

Еуропа көлемінде адам құқықтары, демократияның  жоғары тұруын қорғау мақсатында құрылған әрі Еуропалық Адам құқықтары соты да қарайтын Еуропалық Кеңеске  Түркия мемлекеті 1949 жылдан бері мүше. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар