WBO Intercontinental және WBA Fedelatin титулдарын иемденген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам өзінің алдығы мақсатымен бөлісті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Мен мықты қарсыластармен жекпе-жекке шығуды қалаймын. Кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайынмын. Бокспен айналысқаныма 25 жыл болды. Олимпиада ойындарына екі мәрте қатысып қола медаль алдым, сондай-ақ әуесқойлық деңгейдегі әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Қазір жас боксшы емеспін. Профессионалды бокстағы 5 жылым әлем чемпионатындағы титулға таласу үшін жетіп жатыр.
Мен «Канело», Котто, Ларо және Пакьяомен жұдырықтасқым келеді. Бұл менің арманым емес, мақсатым. Бүгінгі күні мақсатыма жету үшін талмай-тынбай жаттығып жүрмін және бұл боксшыларды ерекше қадірлеймін, себебі мыңдаған боксшылардың арасында әлем чемпионы атану оңай шаруа емес. Өз мемлектеінің абыройы үшін тер төккен әр азаматты сыйлаймын. Олардың бірі дәл мен секілді адам ғой» деді Қанат Ислам Worldboxingnews.net тілшісіне берген сұхбатында.
Осыдан бұрын боксшы өзінің келесі жекпе-жегі АҚШ-та мамыр айында өтетінін айтқан.
Еске сала кетейік, соңғы рет 18 ақпанда Уилмингтон қаласында Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиспен кездесіп, Робсонды нокаутпен жеңген. Сол кездің өзінде Ресей клментаторы Қанаттың «Канело», Лара сынды боксшылармен жұдырықтасатын дәрежеге жеткенін айтқан.