Тараз қаласы прокуратурасымен талдау барысында жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен екі мыңнан астам кәсіпкерлердің 40 пайызы, оларда мемлекет тарапынан сауда-саттық аукциондарға қойылған жер телімдері туралы қандай да болсын ақпараттан хабардар еместігін атап көрсеткен болатын.
Бұл жерде бюрократия пен сыбайлас жемқорлық өршіп, кең етек алуда, сол себептен кәсіпкерлер шенеуніктердің есіктерін қағып, арыз-шағымдарын жазып, соттасуға мәжбүр болады.
Көрсетілген жағдай еліміздің экономикасының негізгі қозғалтқышы – кәсіпкерлеріміздің алдында бюрократиялық бөгеттерді жоюдың қажеттілігіне үнемі назар аударатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың талаптарына қайшы келеді.
Мұны ескере отырып, облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың ұсынысы бойынша Таразда жер телімдерінің ақпараттық жүйесі жетілдіріп енгізілді - www.zis-taraz.kz.
Осы жүйенің негізгі мақсаты - коммерциялық мақсаттарға бағытталған жер телімдерінің сауда-саттық аукциондарында жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз ету.
Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов Тараз қаласының кәсіпкерлеріне жүйесін таныстыру рәсімінде сайт қолдануда өте оңай және үш бөліктен тұратындығын атап көрсетті.
Яғни, бірінші бөлік - «Жер телімдері», Тараз қаласының картасында мемлекеттің жер телімдерін өткізуі туралы толық ақпаратты көрсетеді.
Екінші бөлік - «Өтініштерді тексеру», бұл бөлік онлайн режимінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу жолымен уәкілетті мемлекеттік органымен өтінішті қарастыру барысын бақылауға мүмкіндік береді.
Үшінші бөлік - осы сұрақтарды реттейтін заңнаманың нормаларымен танысу мүмкіндігі.
Бұл жүйе тек кәсіпкерлерге ғана емес, жер телімін сатып алатын кез келген азаматқа да тиімді, әрқайсысы жергілікті атқарушы органда өз өтінішінің қарастыру барысын бақылап, мәлімет алуға мүмкіндігі болады.
Неғұрлым мемлекеттік қызмет көрсетудің процесстері ашық болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойылатынын, бұл ретте азаматтардың да шағымдары азаятындығын облыс прокуроры атап өтті, Бас Прокурордың талабы да осы.
Бұл жүйені облыстың барлық аймақтарында енгізу жоспарланды және тұрғындарға тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер телімдерін қадағалау және кезектілік бойынша ашықтық мәселесін жетілдіруді ұйымдастыру басты мақсатымыз деп түйіндеді облыс прокуроры.
Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметі