Жамбыл облысында аса ірі көлемде героин тәркіленді деп хабарлайды Қамшы АА khabar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Алматы – Екатеринбург автожолының 428-шақырымында болған.
Полицейлер алдын ала түскен жедел ақпар бойынша Toyota автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында қаптамаға салынған 2 келі 80 грамм есірткі тәркіленді. Көлік тізгінінде Алматы облысының 32 жастағы тұрғыны отырған. Ал оның жанында бұрын сотталған 65 жастағы қарағандылық азамат болған. Күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы: - Есірткіге қарсы күрес үнемі қатаң бақылауда. Соның нәтижесінде жақында ғана ұзақ уақыттан бері есірткі сатумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Ал осы жолы да ұсталғандардың біреуі бұрын тура осылай есірткі сатып, оны сақтағаны үшін істі болған. Жыл басынан бері есірткіге қатысты 286 дерек тіркеліп, 114 қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде жалпы көлемі жарты тоннадан астам есірткі заты тәркіленді