Fox News телеарнасының жүргізушісі Билл О’Рейли Ресей президенті Владимир Путинге тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды. Осы арнаның иесі 21st Century Fox компаниясы жариялаған мәлімдемеде осы оқиғаға түсіндірме берілді. Бұл туралы Қамшы АА lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Билл О’Рейлидің Путинге қатысты жаласы туралы екі жақ зерттеу жүргізе келе тележүргізушінің арнаға қайта оралмайтындығы шешілді. О’Рейли жыныстық бопсалау жасағаны үшін айыпталғандығы туралы Reuters хабарлаған. Журналист көп әйелдердің шағымына қалып, барлығы 13 миллион доллар айыппұл төлеген. Ең қызығы, бұл әйелдердің барлығы журналистпен бірге жұмыс істеген немесе хабарға қатысқан қонақтар болған.
«Фактор О'Рейли»- Fox News арнасындағы ең танымал шоу. Журналист бұл аталған телекомпанияда жиырма жылға жуық қызмет еткен.
Ақпан айының басында Трамппен сұхбат барасында АҚШ президенті ресейлік лидерге құрметпен қарайтынын жеткізген еді. Сонда жүргізуші Ресей президентін "қанішер" деп атаған. Сонда Трамп «Біздің ел де жетісіп тұрған жоқ қой» деп жауап берген болатын.
Ресей президентінің пресс-хатшысы Дмитрий Песков мұны тіз тигізу, жала жабу ретінде бағалады. Тиісінше, журналистің кешірім сұрау керектігін мәлімдеді. Ал, О’Рейли болса Путиннен кешірім сұрасам ол тек 2023 жылы ғана болады деп жауап берген.