Өскеменде 12 метр биіктіктен құлап кеткен ер адам құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170710032720470_small.jpg

Бұл туралы Қамшы АА хабарлайды  ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Төтенше оқиға бүгін Өскемен қаласында болған.

“Жұмысшылар бригадасы шатырдағы жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Зардап шеккен адамға қосымша құралдар керек болып, төтелеп тартады. Ер адам сол кезде ғимараттар арасындағы ені 1, ұзындығы 5 метр болатын ашық тұсты байқамай қалған. Осылайша ол 12 метр биіктіктен құлап кетеді”, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар қысқа уақыт ішінде оқиға орынына жетеді.

“Біз екі жерден ілмек жасадық. Оны арқанмен бекіттік. 2 құтқарушы төменге түсті. Ер адам өзінің тірі екенін білдіріп, біздің сұрақтарымызға жауап бере бастады. Ақырында біз оны жоғарыға тартып шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық”, – дейді құтқарушылар отрядының басшысы Әлібек Төкенов.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шегушінің аяғы және қолы сынған.

Қатысты Мақалалар