Хубэй провинциясының тұрғыны құрылыс жұмыстары кезінде құлап, оның миына бес сантиметр тереңдікке дейін шеге кіріп кеткен. Бұл туралы Қамшы АА хабарлайды China News Service агенттігінің мәліметіне сүйеніп.
Оқиға 12 сәуір күні Ичан қалалық округінде болған. Алғашқыда ер адам жергілікті ауруханаға жеткізіліп, артынша Ичан қаласындағы мамандардың қарауына жіберілген.
Ауруханадағы нейрохирургиялық бөлімнің меңгерушісі Чжао Дунганның айтуынша ұзындығы 8 см болатын шеге емделушінің миының 5 см бөлігіне дейін еніп кетіпті. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген кезде ол комада болған.
Бірақ, шеге мидағы маңызды тамырларды зақымдамағандықтан оны алып шығу мүмкін болған. Процедураның қиын болғаны соншалық дәрігерлер шегені сүйек бөлігімен бірге суырып алуға мәжбүр болады. Бұл бірінші кезекте емделушінің қауіпсіздігі үшін жасалған. Осылайша екі сағатқа созылған операция сәтті өтеді.
Қазіргі таңда ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайға не себеп болғаны нақтылап анықталу үстінде.