Дональд Трамп бұл уәдесін Италияның премьер-министрімен кездесу кезінде мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі golos-ameriki.ru-ға сілтеме жасай отырып. Трамп АҚШ пен Италияны көптен бері достық қарым-қатынас орнағанын айта отырып, әлем сахнасынан ДАИШ-ты жоюға уәде берді. Трамптың айтуы бойынша, екі ел ДАИШ-қа қарсы шыға алатына сенімді және де Ливия елінде тұрақтылық орнатуға атсалыса алмайтындығын ескертті.
«Ливия елінде белгілі бір рөлді ойнаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. АҚШ-тың одан басқа әлем сахнасында ойнап жүрген рөлдері жетерлік. Біз міндетті түрде ДАИШ-ты жоқ қыламыз. Бұл біздің Иракта, Ливия және басқа да елдерде орындауға тиіс болған басты тапсырмамыз болу керек деп түсінемін. Бұл тапсырма белгілі бір уақытта орындалатынына сенімдімін. Содан кейін ғана біз өз елімізді қалпына келтіре аламыз және мен оны жүзеге асырамын»,- деп италиялық журналистке сұхбат берді.