Астана қаласының кескін-келбетіне көңілі толмаған Елбасымыз қала әкімі Исекешовты сынның астына алып, бір ұрсып алды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Елбасымыз Астана қаласының ЭКСПО көрмесіне дайындығына көңілі толмайды екен. Атап айтар болсақ, ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа нысандар салу қажеттігін жеткізді. Елбасының айтуынша, туристер орталықтан он қадам аттаса, сұмдық жайттардың куәгерлері атануы мүмкін. Орталығымыз керемет, ал шет жақ былығып жатыр. Шетелден асыға күткен қонақтарымыз мұның барлығын фотоға түсіріп, әлем алдында масқараласа не істейміз дейді мемлекет басшысы.
Исекешевті Астананың әкімі етіп тағайындағанда оған көп үміт артқанын да Елбасы жасырмады. Алайда президенттің айтуынша, мұндай сорақылық Жақсыбековтің тұсында да орын алмапты. Сөз соңында Әсет Исекешевке жұмысты жеделдетіп қолға алуды міндеттеді.